Оқу-ағарту министрлігі ең көп зардап шеккен аймақтарда тұратын балаларды сауықтыру орталықтарына жіберу жұмыстарын жүргізуде. Соңғы тәуліктерде Алматы қаласындағы ұлттық сауықтыру орталығына Батыс Қазақстан облысынан балалар келді. Одан бөлек, 80 бала Ақмола облысындағы «Жасдәурен» лагеріне орналастырылды. Бұл туралы ҚР Оқу – ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ брифингінде хабарлады.