Су тасқыны кезіндегі шығынды барынша азайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыс әкімдіктерімен бірлескен әрекетімен 88 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз аумаққа айдалып шығарылды. Жедел деректер бойынша өлген мал саны 8,1 мың басты құрайды. Оның ішінде ұсақ мал – 6 мың, ірі қара – 1,5 мың, жылқы – 514 бас. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында жануарлардың өлекселерін жою жұмыстарын қарқынды жалғастыруда. Бұл жайлы ҚР АШМ ресми өкілі Олжас Тілебалдин ОКҚ алаңында мәлімдеді.