Қазақстанның 3 облысында ТЖ режимі жарияланғаннан кейін 29 наурыздан бастап Астана қаласында еріктілер және қайырымдылық ұйымдарымен бірлесіп гуманитарлық көмек жинау бойынша 9 пункт ашылды. Жиынға 30 волонтерлік ұйым жұмылдырылды, буып-түюмен 600-ден астам адам айналысады. Қала кәсіпкерлері тікелей немесе қоймалар арқылы көмек жіберетін көмегі бөлек жинайды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Астана қаласы еріктілер фронт-офисінің басшысы Эльвира Есмұханова айтты.