Төтенше жағдай режимі жарияланған аудандар мен қалалардағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік орындарға жүгінбей осы жылдың екінші тоқсанында автоматты түрде ұзартылады. Көмек көрсетуге алғаш рет өтініш білдіретін азаматтар Электрондық үкімет порталы арқылы жүгіне алады. Бұл туралы ҚР ЕХӘҚМ ресми өкілі Уақпаев Мадияр ОКҚ алаңында хабарлады.