Ұлытау облысының аумағында су тасқыны кезеңі 2024 жылғы наурыздың екінші жартсында күннің күрт жылынуы салдарынан қарқынды жүрді. Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Су тасқыны кезеңінен бастап 22 елді мекендер мен шаруа қожалықтарында су басу қаупі төну факторлары тіркелді. 29- наурыз 2 сағат 09 минут шамасында 1 елді мекенде Ұлытау ауданы, Жезді кентінде Жезді өзенінің арнасынан шығу салдарынан 10 үйдін су басуы жағдайы орын алды. Бұл туралы Ұлытау облысы ТЖД бастығы, полковник Есен Байыров ОКҚ алаңында айтты.