Қазіргі уақытта Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп республикалық және жергілікті бюджеттердің барлық қолда бар ресурстарын жұмылдырды. Осы мақсатта Үкімет жергілікті атқарушы органдардың орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл алгоритмімен су тасқыны салдарын жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жоспарын бекітті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Арай Дәулетқызы ОКҚ брифингінде мәлім етті.