Өткен тәулікте су тасқынына қарсы шараларға ҚР ҚК жеке құрамынан 1916 адам, 83 бірлік әскери техника, 3 бірлік армия авиациясының тікұшақтары, 4 әскери-техникалық авиация жұмылдырылды. Армия авиациясымен ТЖМ 17 маманы, 74 ауыл тұрғыны көшірілді, олардың 47-сі бала. Әскери-көліктік авиациямен 303 адам, 5 тоннадан аса жүк тасымалданды. 32 мыңға жуық құм салынған қапшықтар толтырылып, оларды төсеу жүргізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ ресми өкілі Руслан Жангулин ОКҚ брифингінде баяндады.