Су тасқыны басталғалы бері 103 500 адам, оның ішінде 37 703 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналасу пунктеріне 6 810 адам, оның ішінде 3 075 бала орналасты. 10 163 адам үйлеріне оралды. 9,2 млн астам текше метр еріген қар суы тартып шығарылды, 1,8 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш ОКҚ брифингінде мәлім етті.