Су тасқыны басталғалы бері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы эвакуациялық пунктерге 3 мыңнан астам бала жеткізілді. Жалпы, 54 эвакуациялық пункт мектептерде, жатақханаларда және интернаттарда орналасқан. Балаларға толыққанды тамақтану және оқу үшін барлық қажетті жағдай жасалды, қажет болған жағдайда киіммен, аяқ киіммен, канцеляриямен және техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева ОКҚ алаңында баяндады.