Атмосфералық фронттардың салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жаңбырлы болады. Оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі, елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. ҚР бойынша найзағай, тұман, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде дауыл болады.