ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға кешенді қолдау шараларын көрсетуде. Атап айтқанда, төтенше жағдай режимі жарияланған қалалар мен аудандарда тұратын 5 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ автоматты түрде тағайындалды. ҚР ЕХӘҚМ ресми өкілі Мадияр Уакпаев ОКҚ брифингінде осылай деді.