Эвакуациялық пунктерде тәулік бойғы медициналық посттар жұмысын жалғастыруда, онда 680 медицина қызметкері, оның ішінде 140 дәрігер, сондай-ақ 67 психолог кезекшілікте болады. Төтенше жағдай режимі жұмыс істейтін барлық өңірлерде 421 жүкті әйел бақылауда тұр, 86 әйел амбулаториялық және стационарлық деңгейде медициналық көмек алуда, осы уақытқа дейін 377 босану қабылданды. Су тасқыны басталғаннан бері ең көп бала Қостанай, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында дүниеге келді. ОКҚ алаңында апат салдарынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына медициналық көмек көрсету жайында ҚР ДСМ ресми өкілі Әйгерім Оразалиева баяндады.