Су тасқыны орын алған кезден бастап Оқу-ағарту министрлігі оқу процесін сапалы ұйымдастыру және балаларды орналастыру бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда эвакуациялық пунктердегі 4 мыңға жуық бала тұру және оқу үшін қолайлы орынжайларға ата-аналарымен бірге орналастырылды, оның ішінде 600-ге жуық оқушы сауықтыру орталықтарына, 2 мыңға жуық бала колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына, 600-ге жуық бала республикалық маңыздағы инновациялық мектеп-лицей жатақханаларына орналастырылды. Бұл туралы ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы ОКҚ брифингінде хабарлады.