Залалды өтеу және деректерді салыстыру жөніндегі комиссиялардың жұмысы шеңберінде бүгінгі күні су тасқыны салдарынан 8,2 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларының өлгені расталды. Жалпы мал шығының 70% -ға жуығы - ұсақ мал. АШМ республикалық эпизоотияға қарсы жасағы облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өлген жануарларды жинау және жою жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі таңда барлық мал басының 97% жойылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.