Мәдениет және ақпарат министрлігі су тасқынына қарсы іс-шаралар және оның зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб аясында зардап шеккендерге көмек көрсету жұмысын жалғастыруда. Су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері министрлік «Күшіміз бірлікте» акциясын бастады. Акцияға Ұлттық волонтерлер желісі, волонтерлік және жастар ұйымдары, діни, этномәдени және қайырымдылық ұйымдары өкілдері қолдау көрсетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.