Оқу-ағарту министрлігі балалар қауіпсіздігі, тәрбиесі және жазғы демалысқа дайындық бойынша бірқатар шаралар қабылдап жатыр. Балалардың құқығы мен мүддесін қорғау механизмдерін жетілдіру мақсатында Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік үшінші хаттама ратификацияланды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ұлттық заңнамаға бірқатар заңнамалық өзгерістер қабылданды. Бұл өзгерістер жайында ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында баяндады.