Қазақстанның барлық өңірлерінде Birgemiz жалпыұлттық жобасы аясында волонтерлік бастамаларды жүзеге асыру бойынша шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасуда. Бұл жоба түрлі бағыттар бойынша нақты жергілікті міндеттерді шешуге бағытталған және ол осы жылдың 25 сәуірінен 31 мамырына дейін өткізіледі, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.