1 мамырда мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 366 тексеру жүргізді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту саласында 3 199 бұзушылық анықталды. Жұмыс берушілерге 1409 ұйғарым беріліп, 177 млн теңгеден астам сомаға 1780 айыппұл салынды. 241 арнайы тергеу ісі шара қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді, олар бойынша 37 қылмыстық іс қозғалды. Мұндай мәліметтерді ОКҚ алаңында ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов айтты.