Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың қосымша тетіктерін енгізу шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы әлеуметтік төлемдер енгізілді. Оны 55 жасқа толған және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын кемінде 7 жыл аударылған қызметкерлер алуға құқылы. Төлемнің негізгі шарты зиянды еңбек жағдайларында жұмысты тоқтату болып табылады. Бұл қызметкерлерге басқа жұмысқа орналасу шаралары ұсынылады.