IT-Aiel бағдарламасы 18 жастан асқан әйелдерге компьютерлік сауаттылықтың негізгі дағдыларын тегін меңгеруге және No Code School, Freelance School, E-commerce курстары шеңберінде оқуға бірегей мүмкіндік береді. Оқу 2024 жылдың 24 маусымында басталып, 12 аптаға созылады. Бағдарламаға вебинарлар, воркшоптар, тікелей эфирлер, Q&A-сессиялар және қазақ және орыс тілдерінде оқытудың басқа да интерактивті форматтары кіреді.