Президенттің мемлекеттік қызметке кедергісіз кіру туралы тапсырмасы жүзеге асырылып жатыр. Ол үшін білім алған түлектерді мелекеттік қызметке тарту жөніндегі өзгерістер енгізілді. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына еліміздің ЖОО түлектеріне 30 орын беру көзделген. Осындай мүмкіндік оқу мәндері 3,33-тен төмен емес азаматтарға белгіленді. Нәтижесінде осы мүмкіндікті 203 маман пайдаланып, лауазымдарға тиісті конкурссыз тағайындалды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов ОКҚ алаңында айтты.