Астанада Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің төртінші кеңесі өтті. ШЫҰ елдерінің энергетикалық ведомстволарының басшылары Самарқанд қаласында 2022 жылғы 15-16 қыркүйекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы шеңберінде ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың бастамасымен әзірлеуге ұсынылған «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің энергетикалық ынтымақтастығын дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиясын» қарады және мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.