«Саламатты Қазақстан пойызы» жобасы «Самрұқ Қазақстан» әл-ауқат қоры және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп бірлесіп жүзеге асырылып отыр. Бұл жобаның әлеуметтік маңызы жоғары. Ол шалғай ауылдардағы азаматтарға, әйелдерге, қыздарға көмек көрсетуге, денсаулығын тексеруге және қажетті медициналық-психологиялық, құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Былтыр пойыз 17 аймақтың 121 шалғай стансасымен жүріп, 90 мыңнан астам халықты көмегімен қамтыды. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орыбасары Ләззат Сүлеймен ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Әйелдердің репродуктивті денсаулығы Ұлттық комиссияның басты назарында
Тегтер:
денсаулық сақтау