«Бірыңғай терезе» порталында 7 атқарушы орган бар жекелеген рұқсат беру құжаттары, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі органдар беретін сәйкестік туралы сертификаттар мен декларациялар, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктер автоматтандырылған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының м.а. Елдос Саудабаев мәлімдеді.