Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайды. Аталған жобаның өңір үшін стратегиялық маңызы зор. Құрылыс нысанының халық игілігіне пайдалануға берілуі Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының көлік инфрақұрылымын жақсартады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.