Бүгінгі таңда экологиялық мәселелердің өзектілігі жоғары. Мемлекет тарапынан қоршаған ортаны ластау және биоресурстарды заңсыз алу саласына ерекше көңіл бөлінеді. Оның ішінде балық ресурстарын заңсыз алу да бар. Осы сұрақтың маңыздылығын Мемлекет басшысының балық қорын сақтау мақсатында браконьерлікпен күресті күшейту туралы тапсырмалары көрсетеді. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалары жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов ОКҚ брифингінде ведомствоның осы бағыттағы қызметіне тоқталып өтті.