Радиофармацевтикалық препараттарды әуе көлігімен тасымалдау елде осындай препараттардың өз өндірісін пайдалану мүмкіндігін едәуір арттырады. Мәселен, енді Алматы қаласындағы Ядролық физика институтынан Шымкент қаласындағы Ядролық медицина орталығына жылдам бұзылатын препараттар жеткізілетін болады. Астана және Семей қалаларындағы жұмыс істеп тұрған Циклотрондық кешендер өз өнімдерін басқа ядролық медицина орталықтарына жеткізу үшін әуе көлігін де пайдалана алады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ұлықбек Медеубеков мәлімдеді.