2022 жылы Жол картасын іске асыру шеңберінде Көлік министрлігіне радиофармпрепараттарды әуе көлігімен тасымалдау алгоритмін әзірлеу қажет болды. Кездесулер, талқылаулар көп өткізілді, Азаматтық авиация, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, әуежайлар және авиакомпаниялар комитетімен бірлесіп жұмыс тобы құрылды. «Кім тасымалдайды және әуежайлар осындай нақты жүкті қабылдауға дайын ба?» деген сұрақтар туындады. Радиофармпрепараттарды алғаш рет ұшақпен тасымалдауға дейін іске асырылған әрекеттер жайында ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаментінің аға директоры Данияр Қанлыбаев айтып берді.