2024 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстандағы қонақүйлер, демалыс орындары, хостелдер және басқа да орналастыру орындары 50,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18% көп. Ал 2023 жылдың алғашқы үш айында еліміздегі орналастыру орындарында қызмет көрсету көлемі 43,1 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.