ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы облысына жұмыс сапары аясында өңір активімен кездесу өткізді. Ол Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыру барысы туралы айтып, әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктерін көрсетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.