ТЖМ Ішкі істер, Көлік министрліктерімен бірлесіп, су айдындарында адамдардың қаза болу қаупін азайту мақсатында азаматтардың судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзудың жолын кесу бағытында азаматтардың судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзуының жолын кесу бойынша 39 853 рейдтер мен патрульдеу жүргізді. Анықталған заң бұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  364, 412 және 440-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жыл басынан бастап жалпы сомасы 62 млн 608 мың теңгеден асатын 9 мыңға жуық хаттама толтырылды.Бұл жайлы Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.