Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары сенбілікке бастама көтеріп, үнемі белсенділік танытуда. Глубокое ауданында «Таза бұлақ – Таза аумақ» ұранымен «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Акцияға қатысушылар Глубокое кентінде Киргородок шағын ауданында орналасқан жағажай аумағын абаттандырды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.