12 шілдеде негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. ҰБТ электронды форматта 43 тестілеу орталығында өтті. Су апатынан зардап шеккен 6 өңірде, яғни Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында ҰБТ 12 – шілдеге дейін ұзартылған болатын. ҰБТ-ның маңызды артықшылықтарының бірі – оны тапсыруға екі мүмкіндік  беріліп, тестіленуші ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады. Биыл мектеп түлектерінің саны артып, 181 мыңнан астам талапкер, ҰБТ-ны екі мүмкіндікті қоса есептегенде, 326 мың рет тапсырды. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында хабарлады.