Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңіне дайындалып жатыр. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік Банктің гранты есебінен жоба бойынша қажетті құжаттама әзірленуде, деп хабарлайды, ведомствоның баспасөз қызметі.