Ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу бойынша жақында қабылданған Заң 8 кодекс пен 14 Заңның нормаларын қозғайтын тарихта бұрын-сонды болмаған 150 түзетулерді қамтиды. Құжат қабылданғаннан бері 17 жыл ішінде оған мұндай ауқымды өзгерістер енгізілмеген. ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев ОКҚ алаңында осылай деді.