Үлестік құрылыстағы мәселелерді шешу және үлестік құрылыстың проблемалық объектілеріне қатысты тәуекелдерді азайту мақсатында құрылыс салушы мен сатып алушы арасында шарт жасасу процесін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілді. Осы жылдың мамыр айында «Қазреестр» жүйесінде eGov Mobile қосымшасындағы ЭЦҚ немесе QR-кодтың көмегімен үлестік қатысудың электрондық шарттарын жасасу бойынша жаңа функционал іске қосылды. Бұл жаңашылдық туралы ОКҚ алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова айтты.
«Қазреестр» жүйесінде үлестік қатысу шарттары мен үлескерлердің қаражатын тартуға берілген рұқсат құжаттарын көруге болады
Тегтер:
сот төрелігі