Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматыда Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру жобасының екінші кезеңіне дайындық бойынша кеңес өткізді. Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының кеңсесінде өткен кездесуге ХАҚҚ сарапшылары мен жобаны әзірлеуші мамандар қатысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.