ҚР ЦДИАӨМ «Электронды үкіметті» дамытуды жалғастыруда. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік қызметтің 93,3%-ы электронды түрде ұсынылады, оның 86%-ына смартфон арқылы қол жеткізілген. «eGOV Mobile» мобильді қосымшасы мен 56 қызметке қол жеткізілген сыртқы платформалар арқылы бірінші жартыжылдықта 35 млн қызмет көрсетілді. Бұл цифрландырудың жоғары деңгейін және қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің көпшілігін үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік сервистердің халық үшін қол жетімді болғанын көрсетеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.