Зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтарды көлемі мен келтіретін залалы бойынша есірткі құралдарының айналымы және қару-жарақ саудасымен салыстыруға болады. Біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығына тікелей қатысы бар балалар тауарлары мен дәрілік заттарға қатысты бұзушылықтар үлкен алаңдаушылық туғызады. Бұл туралы ОКҚ алаңында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мәлімдеді.