Елімізде жатақханалардағы орындарды бөлу ережесі бар. Ол Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен 2020-жылы бекітілген. Соған сәйкес, ең алдымен жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға орын беріледі. 1,2,3-топтағы мүгедектігі бар азаматтар, ауыл квотасы шеңберінде грант алған студенттер, қандастар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға да жатақханадан орын беру кезінде басымдық беріледі. «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алатындар да орынмен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан ОКҚ брифингінде хабарлады.