Көмір разрездері көмірді тауар биржалары арқылы өткізеді, тауар биржалары туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүзеге асырады. Елде 9 тауар биржасы жұмыс істейді, бірақ іс жүзінде көмір тек үшеуінде ғана сатылады. Ағымдағы жылдың басынан бері көмірге қатысты жалпы сомасы 16,9 млрд теңгеге 1,1 мыңнан астам биржалық мәміле жасалды.