Су ресурстары және ирригация министрлігі озық халықаралық тәжірибелердің негізінде су тасқынын талдау, болжау және модельдеудің​ цифрлық шешімдерін бейімдеу бойынша жұмыс атқаруда. Дамыған мемлекеттердің тәжірибесін зерттеу арқылы TALSIM (Германия) және Delft-FEWS (Нидерланды) жүйелері таңдап алынды. Су тасқынын болжаудың тиімділігі мен дәлдігін арттыру үшін аталған әдістерді бірыңғай жүйеге біріктіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.