Бүгінгі күнде Қазақстанда 37 кәсіп бойынша дағдыларды растай алатын 3 кәсіптік біліктілікті тану орталығы аккредиттелген. Кәсіптік біліктілікті тану рәсімі әрбір азамат үшін еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңа мансаптық перспективаларды ашу үшін өзінің білімі мен дағдыларын ресми түрде растауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.