Елімізде маусым айында басталған суару маусымының басым бөлігі сәтті аяқталды. «Қазсушар» филиалдары еліміздің шаруаларына 6,63 млрд текше метрден астам су берді. Қалған өңірлерде үздіксіз су беру жұмысы қыркүйек айының соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.