Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Жильбер Унгбо Қазақстанға ресми сапары аясында министр Светлана Жақыповамен келіссөздер жүргізді. Сапар екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы және елдегі әлеуметтік және еңбек стандарттарын нығайтудағы маңызды кезең болды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.