Активтерді қайтарудың маңызды тетігі – қаражатты Қазақстан экономикасына қайта инвестициялау. Субъектілерге инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берілген. Комиссия мақұлдаған келісімдер бойынша заң субъектілерімен жалпы сомасы 30 млрд теңгеге инвестициялық жобаларды іске асыру басталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков ОКҚ брифингінде хабарлады.