ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыс әкімдіктерімен селекторлық кеңесінде АӨК-нің негізгі капиталына инвестициялар тарту қарқыны талқыланды. Ағымдағы жылдың 7 айында АӨК-ке 488 млрд теңге сомасына инвестициялар тартылды, оның ішінде ауыл, орман және балық шаруашылығына – 407 млрд теңге, тамақ өнімдерін өндіруге – 81 млрд теңге. 2024 жылы 8 айда пайдалануға берілген 82 жобаны іске асыруға тартылған инвестициялар 66,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.