Бүгінгі таңда азаматтық қорғау органдарында 27 мыңнан астам адам қызмет атқарады. Оның ішінде өрт сөндірушілер, сүңгуірлер, кинологтар, дәрігерлер, психологтар, төтенше жағдайға тап болғандардың бәріне бірінші болып көмекке келуге дайын басқа салалардың өкілдері бар. Олардың әрқайсысының жұмысы жоғары кәсібилікті, жауапкершілікті және жанқиярлықты талап етеді.