Қорғаныс министрлігінде «Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау» мемлекеттік қызмет реинжинирингі жүргізілуде. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери-техникалық мектепке және әскери-техникалық, басқа да мамандықтар бойынша даярлауға жіберу үшін кезекке қою жөніндегі қызметтерді енгізу жоспарлануда.