БҚО-да коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін маңызды коммуналдық объектілердің құрылысы мен жөндеу жұмыстары аяқталды. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, жаңа электр қосалқы станциялары пайдалануға берілді. №3 кәріз-сорғы станциясы және №5 жылу магистралі жаңартылды, олар 60-70-ші жылдардан бері  жөндеу көрмеген болатын.